Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы жаңа мешітке барды

www.akorda.kz www.akorda.kz
Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды.

Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мемлекет басшысы елордалық «Сарыарқа» ауданында орналасқан жаңа мешітке барды. Бұл туралы zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-05/thumbs/1525258480_1.jpg

Қазақстан Президентіне мешіттің салыну барысы, сондай-ақ осы ғимаратты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері жөнінде мәлімделді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-05/thumbs/1525258513_2.jpg

Анықтама:

Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды. Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіттің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-05/thumbs/1525258439_4.jpg

Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі – 43,5 метр. Ол «қалам» – «қасиетті қауырсын» түрінде бой көтерген.

Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді. Жаңа мешіт 750 адамға лайықталған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-05/thumbs/1525258525_5.jpg

Мешіт ғимаратының ауданы – 2248 шаршы метр. Орналасқан жердің ауданы – 1,44 га.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз