Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

500 домбырашы орындаған күйлер Астана аспанында күмбірледі

Флешмобқа қатысқан қауым dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеуден өтіп, байланыс телефондарын қалдырған.

Сурет : elorda.info3 Мамыр 2018, 09:03

Қазақстан халқының бірлігі күні 500 домбырашыдан құралған оркестр «Бәйтерек» монументінің алаңында Құрманғазының күйлерін орындады. Флешмобты қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың 20 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала үні» атты ауқымды іс-шараға музыкант ретінде де, көрермен ретінде де қатысқандардың қарасы мол болды. Ашық аспан астында өткен мерекелік флешмоб кезінде қазақ ұлттық музыкалық аспабының керемет үні жиналған қауымның жүрегін тербеп, рахатқа бөледі.

Флешмобқа қатысқан қауым dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеуден өтіп, байланыс телефондарын қалдырған. Ал мерекелік көңіл-күй сыйлар мәдени шара басталмай тұрып әлеуметтік желіде жарияланған акцияның қорытындысы шығарылды. Жүргізушілер асық қоржыннан бір асықтан алып отырып сыйлыққа берілетін үш домбыраның иесін анықтады. Асығы алшысынан түскен үш азамат керемет сыйлықтың иесі атанды.

«Арнайы сайтымызға тіркелгендер жүзден астам және қаламыздың оқу орындарынан, Қазақ Ұлттық өнер университетінен, Оқушылар сарайынан келіп қатысып жатқандар бар», – деді ұйымдастырушылардың бірі «Байтақ» қоғамдық қозғалысының төрағасы Жаңарған Құралұлы.

Сонымен қатар, флешмобқа белгілі айтыскер ақындар да қатысты. Жандарбек Бұлғақов пен Серікзат Дүйсенғазин мерекеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтарына арнап жырдан шашу шашты. Бұдан басқа, шара басында «NOMAD» инструменталды тобы өзінің танымал композицияларын орындады және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұстазы Досым Мақсұтов шәкірттерімен еліміздегі күйшілік мектептердің күйлерін орындады.

«Орындайтын күйлеріміз Құрманғазы күйі «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі. Мерекелік флешмобқа домбырасын өздері құшақтап келіп жатқандар көп. Ешқандай дайындық болған емес. Бірден халық алдына шығып өнер көрсетіп жатырмыз. Әсері өте тамаша, халықтың ыстық ықыласынан-ақ көрініп тұр. Күй – құдірет, күй – кие!», – дейді флешмоб дирижері, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер