Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда жол апатына түскен көлік иелері оқиғаның әртүрлі нұсқасын ұсынды

Апаттың салдарынан екі автокөліктің жолаушылары да зардап шекті.

Сурет : zakon.kz3 Мамыр 2018, 17:04

Алматы қаласының төменгі жағында Mercedes және Toyota Camry автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Mercedes Жаңа жол көшесінің бойымен батыс бағытта жүріп келе жатып, сол жаққа қарай Абай көшесіне бұрылмақ болады. Неміс автокөлігі жүргізушісінің айтуынша, бағдаршамның қызыл түсі жанып қалғандықтан тоқтап қалады, сол сәтте қиылыста бағдаршамның жанғанына қарамастан қарсы беттен Camry көлігі шығады.

Жапондық көліктің жүргізушісі, өз кезегінде, жасыл түске жүріп келе жатқанын сөз етеді, ал Mercedes жүргізушісі солға бұрылып, оны жібермей қойған көрінеді.

Соқтығысқаннан кейін Toyota Camry көлігі тротуардан шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылады.

Апат салдарынан екі автокөліктің жолаушылары да зардап шекті. Mercedes жүргізушісінің әйелі ауруханаға жеткізілді, екінші көліктің жолаушысы оқиға орнында қалды.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайтын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер