Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Араның шаққаны неге шипа?

Араның шаққаны — шипа. Араны шақтыру арқылы емдеу медицинада апитерапия деп аталады.

Сурет : tirshilik-tynysy.kz3 Мамыр 2018, 17:09

Ең алғашқы апитерапиялық клиника Мәскеуде Михаил Миронович Френкельдің бастауымен ашылды. Ал біздің елде кейінгі жылдары ғана қолға алына бастады. Мамандардың айтуынша, араның уымен емделу арқылы көптеген ауру түрлерінен айығуға болады.

Араның бізгегі негізінен жүйке жүйесі, жүрек қан-тамырлары аурулары кезінде қолданылады. Бірақ бұл емді ауру асқынбай тұрып алу керек. Сонымен қатар, инсульт алған адамдар, препараттар көмектеспеген жандар осы емге жүгінеді. Араның улы болатынын әрқашан есте ұстау керек. Процедура кезінде қолайсыздық тумас үшін адамдар медициналық тексеруден өтіп келуі керек. Әсіресе, қан көрсеткішіне назар аударылады. Алғашында 5 секунттай ғана шақтырып аллергиясы бар жоғы бақыланады.

Ал арамен емдеу курсы оның санына тәуелді. Ең азы 30 арадан бастап, 70, 150 араға дейін шақтырып дертке шипа табуға болады. Тек ескеретін жайт, бір күнде 12 арадан артық шақтыруға болмайды. Мөлшері тым көп болса уланып қалу қаупі бар. Сол себепті де тікелей маманның бақылауымен жүзеге асады.

Араның бізгегін алып қарасақ тармақтың басында оның уына толы қалташа бар. Бұл қалташаның іші 30 минутта босайды, яғни ара шаққаннан кейін тінді адам денесінде қалташа бос қалғанша 30 минут ұстауға болады деген сөз.

Бұл жәндіктің арқасында емделіп жүрсеңіз мамандар тарапынан ұсынылатын мына кеңестерді естен шығармаңыз:

• уақытымен тамақтану;
• ем-шараға ашқарында келуге болмайды;
• аллергиялық реакциялар тудыратын тағамдардан бас тарту керек;
• цитрусты жемістер, шоколод, қою шай мен кофе, ішімдік ішуге тыйым салынады;
• бал жеуге рұқсат.

Бұл жәндіктің өте еңбекқор екенін білеміз. Адамның да ұзақ жасауына ықпалы бар бұл жәндік шағып алса шошымаңыз, тек шипалы болсын деңіз,

Дереккөзі: tirshilik-tynysy.kz


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер