Қызылордада күн жылығалы 39 адамды кене шаққан

Қызылорда облысында 111 елдімекеннің аумағы Конго-Қырым қанды безгегін тасымалдаушы кенелердің ошағы деп белгіленген. Күн жылығалы зиянкестер көбейіп, бүгінде аймақта 39 тұрғынды кене шаққан.
Зоопаразитарлық жұмысшы тобымен облыс төңірегінен 7 мыңнан астам кене алынып, зертханалық тексеруден өткен.
Бүгінде өңірде ауру тасымалдаушы жәндіктің 10-нан астам түрі бар. Сәуір айынан бастап зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Бірінші кезекте қора-қопсы, суаттар мен ауыл айналасы қамтылады. Қалада кене шағу дерегімен бір адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түсіп, қазір дәрігерлер бақылауында.
"Алғашқы диагнозы болжамды жағдайы қойылды. Ол кісінің бірінші алған қан нәтижесі теріс нәтиже берді. Бірақ екінші нәтижесі алынады. Сол нәтижесіне байланысты әрі қарай ем жүргізіліп, сауықтырып, ауруханадан шығарылады." Гүлмира Сыздықова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз