ШҚО-да 500-ге жуық адамды кене шаққан
Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында күн жылынғанн бері 500-ге жуық адамды кене шаққан. Оның 35-і бала.
Зиянкестен зардап шеккендердің көбі Алтай, Тарбағатай, Қатонқарағай сияқты таулы аудандар мен Риддер, Өскемен қаласының тұрғындары.
Дегенмен мамандар аймақта әзірге кене энцефалитін жұқтырғандар тіркелмегенін айтады. Кене тек энцефалит қана емес, 30 шақты аурудың вирусын таратады.
Сондықтан оның шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды. Санитар-дәрігерлердің айтуынша, облыста иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті, деп жазады qazaqstan.tv.
Екпе салатын арнайы кабинеттер де ашылған. Қазір өңірдегі кене ошағы бар аумақтарды зарарсыздандыру жұмыстары басталып кетті.
"Өткен жылмен салыстырғанда кене шағу көрсеткіші көбейіп тұр. Өйткені өздеріңіз білесіздер, көктемнің күрт жылынып, ерте келіп түсуіне байланысты. Бір қуанарлығы, кенеден зардап шеккендердің барлығы 97 проценті препаратпен қамтылды. Қалған 3 проценті белгілі себептермен медициналық көмекке жүгінбеген діктен серопрофилактикамен қамтылмады." Гүлмира Қайратова, облыстық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript