Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді

baribar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 15:27 baribar.kz
Республиканың кей жерлерінде түман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, бұршақ жаууы да ықтимал.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетеді. Елдің батысы мен оңтүстік бөлігінде ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде түман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, бұршақ жаууы да ықтимал.

Ақмола облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін, екпіні 23-28 метрге жетуі де ықтимал. Бұршақ жауып, түнде және таң ата тұман түседі деген болжам бар.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел кұшейіп, жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің соңы шаңды дауылға ұласады.

Павлодар облысының бірқатар аймақтарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады, екіпін 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Бұршақ жаууы да ықтимал.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: