Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстанда 34 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 15:40 Stan.kz
18 сәуірде Дамир Сатыбалдиев кешкі сағат 17:00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған.

Батыс Қазақстан облысында іс-түссіз жоғалып кеткен азамат іздестірілуде. Бұл туралы БҚО-ның Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазталов ауданының ІІБ қылмыстық полиция басқармасының уәкілетті жедел тобы Асан Мүстағатовтың айтуынша, 18 сәуірде Ақпатер ауылының 34 жастағы тұрғыны жоғалып кетті. Ол сол уақыттан бері іздестірілуде.

Батыс Қазақстан облысы Ақпатер ауылының 34 жастағы тұрғыны Дамир Сатыбалдиев кешкі сағат 17:00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған. Белгілері: бойының ұзындығы – 165-170 см, арық денелі, шашы қысқа, қара. Сол күні ол сұр киімде болған. Сондай-ақ, сұр шалбар мен қоңыр аяқ киім киген болуы мүмкін.

Оны көрген немесе қайда екенін білетін адамдар БҚО-ның Ішкі істер департаментінің телефон нөміріне 8 (7112) 51-04-50, 92-10-26 немесе 102 телефоны бойынша, сондай-ақ 8 (71138) 21-150, 21490 телефоны бойынша Жалпақтал полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарлауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы аймақта өткен жылы жоғалып кеткен адамның денесі табылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: