Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Lada көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апатын ұйымдастырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09 zakon.kz
Үш адам зардап шекті.

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойында жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жол көлік оқиғасының қатысушылары айтқандай, олар Рысқұловтың бойымен шығыс бағытта ақырын жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Кенеттен қарама-қарсы жолақтан Lada 21099 көлігі атып шыққан. Көлік қарсы бетте келе жатқан жүк көлігіне тура жүріп келе жатқан, бірақ соңғы сәтте Lada ортаңғы жолаққа, солға бұрылған, сосын бірден оңға бұрылып, жүк көлігінің артқы дөңгелегіне соққан. Ары қарай Lada көлігі өзінің жолағымен жүруді жалғастырады, бірақ көлік қайтадан қарсы жолаққа шығады. 200 метрден кейін тағы да қарсы бағытта келе жатқан Mercedes ML көлігімен соқтығысады. Соққының әсерінен көлікті оң жаққа лақтырып жібереді.

Неміс көлігінің артында Lexus келе жатады. Оның жүргізушісі алдағы болып жатқан оқиғаны көріп, көлікті тоқтатуға тырысқанымен үлгермей қалады да, Mercedes көлігімен соқтығысады. Lada да Lexus көлігіне тиіп кетеді.

Барлық соққыдан кейін Lada көлігі тоқтап, көліктен түтін шыға бастайды. Куәгерлер мен апатқа түскен адамдар көліктің өртенуіне жол бермеген.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Mercedes жүргізушісі, оның жолаушысы және Lada көлігінің егде жастағы жүргізушісі. Соңғы екеуі ауруханаға жеткізілді.

Lada жолаушысының айтуынша, көліктің рөлі қатып қалып, басқаруға келмей қалған көрінеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 19:09

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: