Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жол апатына түскен көлік иелері оқиғаның әртүрлі нұсқасын ұсынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:04 zakon.kz
Апаттың салдарынан екі автокөліктің жолаушылары да зардап шекті.

Алматы қаласының төменгі жағында Mercedes және Toyota Camry автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Mercedes Жаңа жол көшесінің бойымен батыс бағытта жүріп келе жатып, сол жаққа қарай Абай көшесіне бұрылмақ болады. Неміс автокөлігі жүргізушісінің айтуынша, бағдаршамның қызыл түсі жанып қалғандықтан тоқтап қалады, сол сәтте қиылыста бағдаршамның жанғанына қарамастан қарсы беттен Camry көлігі шығады.

Жапондық көліктің жүргізушісі, өз кезегінде, жасыл түске жүріп келе жатқанын сөз етеді, ал Mercedes жүргізушісі солға бұрылып, оны жібермей қойған көрінеді.

Соқтығысқаннан кейін Toyota Camry көлігі тротуардан шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылады.

Апат салдарынан екі автокөліктің жолаушылары да зардап шекті. Mercedes жүргізушісінің әйелі ауруханаға жеткізілді, екінші көліктің жолаушысы оқиға орнында қалды.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайтын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:04, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:04, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:04, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:04, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:04, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:04

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: