Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбылда жайылым жерлерге шегіртке шабуылдады

Шегірткелер жасыл-желекті жайпап жатыр.

Сурет : sn.kz5 Мамыр 2018, 11:46

Жамбылда жаз шықпай жатып жайылым жерлерге шегіртке шабуылдады. Байзақ ауданындағы бұқара зиянкес жәндік бір аптадан бері берекені қашырды деп отыр. Айтуларынша, жолындағысын жайпап өтетін жәндік «Көделі» жайлауында жұмыртқасын жарған. Енді ғана шыққан жасыл желекті жайылым мен шабындық қазір шегірткелердің азығына айналды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Шегірткелер осылай жасыл-желекті жайпап жатыр. Олардың жаз келмей жатып «Көделі» жайлауында күрт көбеюі биыл екінші жыл. Тұрғындар мұны былтыр аумақтың дұрыс дәріленбегенінен көріп отыр. Олар қанаттылардан төнген қауіп жыл сайын қайталанады деп наразы.

Жұмакүл Әлімбетова, Кеңес ауылының тұрғыны: Мал жинаған адамбыз, малмен көзімізді ашқан адамбыз. Былтыр менің 8 құлынды бием, 1 бұзаулы сиырым өлді. Ой миллион, миллондаған дернәсілдер жатыр, бірақ дәрі сепкен жоқ. Дәрілеп тұрушы еді, бірақ дәріленбей қалды дейді. Биыл шегіртке тағы басып жатыр. Күніге балама шырылдап жатырмын. 5-6 жыл болды ғой мазамызды алғанына. Әсіресе, соңғы екі жылда қатты мазаны алды.

Айдын Қалиев, шопан: Шегірткенің түрі жаман енді, қап-қара болып қаптаған кезде малың жайыла алмай қалады. Секіріп-секіріп, шошытып, шөптің бәрін жеп, жерді теп-тегіс қылып кетеді. Кәдімгідей жайылады, малдан бетер жейді. Жайылған жер қап-қара боп кетеді, орнына шөп өспейді.

Байзақтағы шаруақожалықтар мен шопандар «марокколық шегіртке» мал азығын маусым болмай қиып тастай ма деп қауіптенеді. Ал, ат шаптырым аумақта бірнеше ауыл жатыр. Аудан атқамінерлері алқаптарды дәрілеу апта бұрын басталғанын айтады. Жер көлемі жағынан бірталай шаршы шақырымды алып жатқан жайлау 3 ауданға қызмет етеді.

Дулат Сұлтанбек, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары: Қазіргі таңда қауіп жоқ. Барлығы аудан бойынша бүгінге 15 мың 872 га жерді заласыздандырдық. Шопандардың барлығына ескерту берілді «малдарыңызды дәрі сепкен жерге жаймаңыздар» деп. «Көделіде» 60 шаруа қожалығы малмен отыр. Егістік жердің көлемі 56 мың га, оның 32 мың га суармалы жер. Егістікке қауіп былтыр да болған жоқ, биыл да қауіп жоқ.

Облыстағы аумақтық инспекция өкілдері дәрілеу жұмыстарын 7 серіктестік жүргізіп жатқанын айтты. Әр қайсысы 40 мың гектардан бөліп алған. Биыл бас-аяғы 355 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізілмек. Оған республикалық бюджеттен 580 млн теңге бөлініпті.

Кенен Дүйсенбеков, ҚР АШМ мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары: Өңдеу жұмыстары біз бастадық 23 сәуірде. Бүгінгі таңда 75 мың гектарға дәрілеу жүргізілді. Оспар бойынша осы мамыр айының 15-20-інде осы жұмыстарды бітіруіміз керек. Енді ауа-райына қарап, химиялық өңдеу жұмыстары жел тұрса, жаңбыр жауса ол тоқтатылады.

Марокколық шегіртке аймақ бойынша 7 ауданда бар. Негізгі ошағы - Қаратау бөктері. Қазір «Көделідегі» 1 шаршы метр жерге шамамен 40-50 шегірткеге дейін келіп отыр.

Данияр Әлімқұл, тілші: Айта кетейік, былтыр жазда шегірткелер шабындықтың 50 пайызын жеп қойған. Ал, дәрілеу кезінде қамбар ата түлігі қырылып қалған еді. Мамандар биыл қара шегірткеден төнетін қауіп қайталанбайды деп сендірді.

Данияр Әлімқұл


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер