Маңғыстауда жайылымдық жерді шегіртке жайлап барады

Жолдас Сағынғали, облыстық өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы:, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2025 09:02 Сурет: pixabay
Маңғыстауда жайылымдық жерлерде саяқ шегірткелер анықталды.

Жәндіктер Маңғыстау, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының аумағында шамамен 11 мың гектар аумақты жайлаған.

Құзырлы орган жергілікті әкімдіктерге сол жерлерге химиялық өңдеу жасауға нұсқама берді. Әзірге тек 530 гектар аумақ өңделген, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар бұл көрші облыстан келген шегірткелер миграциясы екенін айтады. Егер саяқ шегіртке жаппай жайласа, төрт түліктің азығы – жусанды құртып жіберуі мүмкін.

"Біздерге бірен-саран шаруашылықтан шағым түсіп жатыр. Әдістемелік орталығының мамандары айтылған жерлерге барып, анықтап, жұмыстар атқаруда. Бейнеу ауданы бойынша 4 мың гектар, Сайөтес Маңғыстау ауданы бойынша 4 мың гектар. Мұнайлы ауданы бойынша 30 гектар саяқ шегіртке анықталған." Жолдас Сағынғали, облыстық өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: