Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да жүкті әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірді

Алған жарақаттың салдарынан ол оқиға орнында көз жұмады.

Сурет : kaz.altaynews.kz5 Мамыр 2018, 12:16

Өзін ұрып-соққан азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шағырылды. Сот әйелді айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл оқиға Глубокое ауданына қарасты Ушаново ауылында болған. Жүкті болып қалған әйел азаматтық некедегі күйеуінен жасанды түсік жасатуға ақша сұрайды. Алайда, мас ер адам ақша беруден бас тартып, әйеліне жұдырық ала жүгірген. Қорғанбақ болған әйелі күйеуіне пышақ сұғып алады. Алған жарақаттың салдарынан ол оқиға орнында көз жұмады.

Сот материалдарына сүйенсек, бұл екеуінің бір шаңырақ астында тұрғанына үш жыл болыпты. Екі балалары бар. Күйеуінің ішімдікке салынып кетуінен отбасында ұрыс-керіс көбейе бастаған. Ер азамат әйелін жиі ұрып-соғатын көрінеді.

Сол күні ер адам әйелінің тағы жүкті екенін естиді. Бұл екеуінің үшінші балалары болатын. Күйеуі ашуланып, араларында жанжал туады. Жәбір көруден шаршаған әйел ас үйдегі пышақты алып, күйеуіне сұғып алады. Артынан болған жайды оның апасына телефон арқылы хабарлаған екен.

Ол кінәлі болып табылып, жалпы режимді колонияда бес жыл жазасын өтейді.Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер