Головкин Мартиросянды нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті

instagram.com instagram.com
Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Бүгін орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен армян ұлтынан шыққан америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon,kz тілшісі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-05/1525581305_.jpg

Бұл жекпе-жек кәсіпқой бокс саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Жекпе-жек Карсондағы (АҚШ) StubHub Center аренасында өтті. 12 раундқа есептелген жекпе-жекте Головкин қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Головкин өзінің WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы титулын сақтап қалды.

Головкиннің осы жекпе-жектен алатын кепілдендірілген гонорары 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл оның соңғы үш жылдағы ең төмен сыйақысы. Ал Мартиросянға 250 мың АҚШ доллары беріледі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-05/1525581257_.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз