Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында көз арбасты

Геннадий өзінің қарсыласына үлкен құрмет танытып, оның мықты, тәжірибелі боксшы екенін айтты.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) көз арбасты, деп хабарлайды Хабар 24.
Головкин-Мартиросян кездесуі 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.
Журналистерге берген сұхбатында Геннадий өзінің қарсыласына үлкен құрмет танытып, оның мықты, тәжірибелі боксшы екенін айтты.
Сонымен қатар GGG бұл кездесуде жеңістің оңайға түспейтінін айтты. Сондай-ақ ол рингке шығатынына және тап осы «Синко де майомен» жұдырықтасатынына риза екендігін жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript