Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл тұрғындары зорланған қызды өртеп жіберді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2018 19:06 Baq.kz
Бұл қайғылы жағдай Үндістанның солтүстік-шығысындағы Джаркханд штатында орналасқан ауылда тіркелді.

Нью-Дели полициясы ұрланып әкетілген жасөспірім қыз мәселесін қолға алып, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Болжам бойынша, жасөспірім қызды белгісіз топ ұрлап, зорлаған. Ол аздай ауыл тұрғындары 16 жастағы қызды артынан өртеп жіберген. Бұл туралы Baq.kz CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қайғылы жағдай Үндістанның солтүстік-шығысындағы Джаркханд штатында орналасқан ауылда тіркелді. Тәртіп сақшылары сенбі күні қыздың денесіндегі жарақаттарды нақты жариялау үшін медициналық комиссия шешімін күтіп отырғандарын айтты.

Жасөсіпірім қыздың ата-анасы тәртіп сақшыларына шағымданған соң, Чатра штатының аймақтық комиссары Кумар Сингх 15-20 адамның күдікті ретінде темір торға тоғытылғанын айтты. Олардың қатарында ауылдық кеңестің төрағасы да бар.

«Біз медициналық зерттеудің қорытындысы мен тәртіп сақшыларының тергеу амалдарына байланысты беретін есебін күтіп отырмыз. Ең соңында әділ шешім шығатынына сенеміз» деді Кумар Сингх.
16 жасар қыз ауылдағы үйлену тойына барған. Түн ішінде бейсенбі күні ұрланып, оны белгісіз топ жақын жердегі орманға апарған. Тәртіп сақшысы Ашоктың айтуынша, оны бірнеше ер адам зорлаған. Ал қыздың ата-анасы жұма күні полицияға шағымданған.

Панчаят деп аталатын Үндістандағы ауылдық кеңес бүкіл елді мекендерде зор күшке ие. Сондықтан ауылдағы тәртіпке жауапты, кінәлілерді үнемі жазалауға қабілетті. Қалалар мен сот жүйесінен алыс ауылдарда панчаяттар халық арасындағы дауды шешумен айналысады. Ешқандай заңды құқыққа ие болмағанымен, жергілікті жұрт панчаяттар көмегіне жүгінуді әдет қылған. Ал сыншылар панчаяттарды патриархаттық басымдықпен әділетсіз шешім шығарады деп айыптайды.

Аталған аймақтағы ауылдық кеңес немесе панчаят кінәлі әрбір ер адамдарға 50 000 рупи айыппұл салды, бұл шамамен алғанда 750 доллар.

Ауылдық кеңестің бұл шешіміне жергілікті жұрт жаппай наразылық танытуда. Ақша мөлшерін көп деп санаған тұрғындар қыздың ата-анасына шабуыл жасап, олардың үйін өртеп жіберген. Жасөспірім қыз осы үйде өртенгені белгілі болды.

Джаркханд штатының бас министрі Рагхубар Дас твиттерде аталған жағдай үшін қатты қапа болғанын жазды. «Көзі ашық адамдардың дәл осындай жабайы шабуыл жасағанына қатты қапа болдым» деп жазды ол.

Жасөспірім қызды зорлау оқиғасы Оңтүстік Азия елдерін қатты шошытып, елді мекендерде жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Үндістандағы Джамму және Кашмир штатында 8 жасар мұсылман қызды белгісіз біреулер зорлап кеткен болатын. Бұл дінаралық қақтығысты өршітті. Ал сәуірде Гуджарат штатындағы Сурате елді мекенінде 11 жасар қыздың денесі табылды. Ресми медициналық тексерістен соң 11 жасар қыздың зорланып, тұншықтырылғаны белгілі болды.

Қаңтарда жасөспірім қызды зорлаған 5 ер адам Харьяна штатында анықталып, көптің ашуына тиген болатын.

Үндістанда қыз баланың құқығы қорғалмағандықтан, мұндай зорлық оқиғалары жиі тіркеледі. Көпшілік оған қатты мән де бере бермейтін. Тек 2012 жылы Нью-Делиде физиотерапия мамандығы бойынша білім алып жатқан студент, 23 жасар Нирбхаяны бір топ ер адам зорлаған соң, халық жаппай көтерілген болатын. Ол қыздың бірнеше ішкі органы алынып тасталып, дәрігерлер аман алып қалуға тырысты. Дегенмен екі аптадан соң студент қыз қаза тапқан еді.

Студент қыз өлімінен соң, яғни, 2012 жылы Үндістан Үкіметі қыз зорлау оқиғасына қатысты заңды күшейтті. Тіпті, кей жағдайда өлім жазасын енгізуге рұқсат берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: