Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Димаш Құдайберген Канн кинофестивалі аясындағы қазақ кешінде ән шырқайды

«Ұлттық павильонда «Евразия» халықаралық кинофестиваліне таныстырылым өтеді.

Сурет : imgsmail.ru6 Мамыр 2018, 21:13

Канн халықаралық кино фестивалі аясында 8-19 мамыр күндері Қазақстанның Ұлттық павильоны отандық киноиндустрия өнімдерін ұсынады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әнші Димаш Құдайберген қатысып, ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық павильонда «Евразия» халықаралық кинофестиваліне таныстырылым өтеді. Еуразиялық нарық жобалары ұсынылып, әділқазылар, бағдарлама таныстыралады, кинонарық, қазақстандық фильмдерді дистрибьютерлік компанияларымен кездесу ұйымдастырылады. ҚР киноматографистерінің делегациясы баспасөз мәслихатын өткізеді», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» кинокартинасы, Синефондасьон бағдарламасында Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі қатысады. ACID бағдарламасы бойынша режиссер Ольга Коротьконың «Жайлы қыс», «Short Film Corner» бағдарламасы бойынша Венера Каиржанованың «Жасырынбақ», Берік Жахановтың «Асам» қысқаметражды кинокартинасы көрсетіледі.

Биыл екінші рет қазақстандық павильонның ашылуы өтеді. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жас, талантты қазақстандық режиссерлер өздерінің ең үздік туындыларын кинофестивальге апарады. Делегация құрамында мемлекеттік орган өкілдері, шығармашылық интеллигенция, Қазақстанның кино мен ТВ өкілдері, Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері бар. Ал 2018 жылдың 9 мамыры күні Hôtel Barrière Le Majestic Cannes ғимаратында «Канндағы қазақ кеші» атты ресми қабылдау өтеді. Шараға ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, атақты әнші Димаш Құдайберген, «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі және өзгелері қатысады. Қазақстан ұлттық павильоны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ашылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер