Павлодарда ат жарысы маусымы ашылды

Әлібек Дженалинов Әлібек Дженалинов
Мерекелік бағдарлама бойынша екі қашықтыққа ұшқыр жарыс, 6 шақырымдық құнан бәйге мен жорға бәйге, 10 шақырымға топ бәйге мен 16 шақырым аламан бәйге өтті.

Жеңіс күні «Құлагер» ипподромында ат жарысы маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілішісі.

Мерекелік бағдарлама бойынша екі қашықтыққа ұшқыр жарыс, 6 шақырымдық құнан бәйге мен жорға бәйге, 10 шақырымға топ бәйге мен 16 шақырым аламан бәйге өтті. - Мереке күндері ипподромға келу менің отбасым үшін дәстүрге айналды, - деді Сәкен Жуасбаев.

– Балаларым мен жұбайым да бұл спорт түріне қызығушылықтарын танытуда. Бүгін ауа райы құбылмалы болса да, бәйгенің сәнін кетірмеді. Бәйгеге Астана, Қарағанды, Семей қалаларынан және облыс бойынша 40-қа жуық шабандоз қатысты. «Құлагер» ипподромында алғаш рет нәзік жанды атшабар өз бағын сынады.

Башқұрстан Республикасынан келген Снежана Таймасова 2 және 6 шақырымға созылған бәйгеге қатысты. Айта кету керек, ол Стар Чемп атты тұлпармен үшінші орынды иеленсе, Феноменмен мәреге бірінші болып жетті.

Фариза Қазыбекқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз