Алматыда Tartyl Fest республикалық спорт фестивалі өтіп жатыр

Спорттық шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2022 17:24 Сурет: Алматы қалалық ІСБ
Алматыдағы Абай алаңында «Tartyl Fest - 2022» турникетінде тартылу бойынша жарыс өтуде. Фестиваль еліміздің барлық өңірлерінде 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры.

Қазіргі уақытта Алматыда 500-ден астам әуесқой-спортшылар тіркелген. Қатысушылар салмағы мен жасына байланысты тоғыз санат бойынша өнер көрсетеді.  Жеңімпаздар 17 шілде күні кешке фестиваль аяқталғаннан кейін анықталады.

Сурет: Алматы қалалық ІСБ

Фестиваль Қонаев қаласында басталып, Талдықорғанда өтті. Алматы жарыс өткен үшінші қала болды. Қазақстанның 20 қаласының жеңімпаздары (9 санат бойынша) 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд-финалға қатысады.

Сурет: Алматы қалалық ІСБ

Әр қаладағы жүлде қоры:

  • 1 орын - 200 000 теңге;

  • 2 орын - 100 000 теңге;

  • 3 орын - 50 000 теңге.

  • Сурет: Алматы қалалық ІСБ

Гранд-финалдың жүлде қоры:

  • 1 орын - 3 миллион теңге;

  • 2 орын - 2 миллион теңге;

  • 3 орын-1 миллион теңге.

Гранд-Финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Сурет: Алматы қалалық ІСБ

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: