Алматыда тағы митингі өтіп жатыр
Сурет: pixabay
Әртүрлі дерекке сәйкес, Алматыдағы митингке 20-дан 40-қа дейінгі аралықта адам жиналған. Олар отбасы мен бала тәрбиесіндегі дәстүрлі көзқарасты жақтап, көшеге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда балаларды дәстүрлі тәртіпке сай тәрбиелеу, әйелдердің қоғамдағы рөлі, насихаттың өскелең ұрпаққа және отбасылық құндылықтарға әсері мәселесіне қатысты митинг өтіп жатыр.
Бастапқыда митингте: "Елдің дамуына кедергі келтіретін, жас ұрпақ пен отбасын құртатын ұйымдарға жол жоқ" деген мәселе көтерілді.
Митингті ұйымдастырушылар "Қазақстанның дамуына кедергі келтіретіндер" деп 8 наурызда митинг өткізген Feminita қоғамдық ұйымын атады.
Әртүрлі дерекке сәйкес, митингке 20-дан 40-қа дейінгі аралықта адам жиналған. Оқиға орнында полиция жасағы бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



