Алматыда митингі өтіп жатыр

Экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2022 14:20 Сурет: Zakon.kz
Алматы тұрғындары санкцияланған митингке шығып, ЖЭО-ны газдандыру ісін жеделдетуді, демалыс күндері көліктер үшін кейбір жол учаскелерін жабуды, қаланың кейбір нүктелеріндегі құрылысты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылықтар Шевченко мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы Ғылым Академиясы ғимаратының алдына жиналды.

Сурет: Zakon.kz

Ұйымдастырушылар бұған дейін митингтің мақсаты - сарапшыларға, белсенділерге және жанашыр азаматтарға мәселе талқысын талқылау үшін алаң ұсыну екенін хабарлаған болатын.

Сурет: Zakon.kz

Сөз алушылар ЖЭО-ны газдандыру ісін жеделдетуді, демалыс күндері қаланың кейбір жол учаскелерін жабуды талап етті. Сонымен қатар олар экологияны жақсартуға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды талап етті.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ, талаптар қатарында қаланың кейбір нүктелеріндегі құрылысты доғару да бар.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: