Жаңалықтар тізбегі
0

Путин Назарбаевтың қандай қасиетіне таңғалатынын айтты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2018 18:16 Сурет: zakon.kz
ҚР президенті телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин Ресей президенті Владимир Путинмен сұқбаттасты.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшы ретіндегі айрықша ерекшеліктерін атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шынымды айтсам, мені әрдайым қуантатыны және таңғалдыратыны, Нұрсұлан Әбішұлы кеңес заманында-ақ тамаша мансап жасап алды. Бұл мені әлі күнге дейін таңғалдырады. Кеңес заманына қарамастан, ол үнемі болашаққа ұмтылатын адам. Бұл таңғаларлық қасиет", — деді Путин сұқбат барысында.

Ресей басшысы Қазақстан президентінің ешкімнен қорықпай, айналасына іскер, талапшыл жастарды жинай білетін ерекше қасиетін атап өтті.

"Ол ешқашан қасына мықты адамдарды жинаудан қорықпайды. Бұл кез келген мықты басшының айрықша ерекшелігі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай дана, белсенді, дарынды көшбасшы", — деді Ресей президенті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: