Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оралда көпқабатты үй өртеніп, қариялар мен балалар терезеден секірді

Өрт 7 мамыр күні сағат 01:55 шамасында болды.

Сурет : baq.kz10 Мамыр 2018, 14:16

Есқалиев көшесіндегі № 178 екіқабатты үй тұрғындары 7 мамыр күні өрттен аман қалу үшін терезеден секіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Өрт 7 мамыр күні сағат 01:55 шамасында болды. Тұрғындар өздерін аман сақтап қалу үшін терезеден секіруге мәжбүр болғандарын айтып жатыр. Қария мен балалар терезе арқылы жамылғыларды байлап түсуге мәжбүр болды. Осының салдарынан қария жарақат алды.

Тұрғын Нейля Кузнецованың айтуынша, көрші бөлмеде ер адам көз жұмған.

«Өрт түнде шықты. Баламды жұмыстан күтіп отырғандықтан ол уақытта ұйықтамаған едік. Ол келе салысымен көршілердің «өрт шықты» деп айқайлап жатқан дауыстарын естідік. Ұлым қызым екеуімізді есіктен шығарып, қашуға бұйырды. Ал өзі үйдегі бағалы қағаздарды алып шықпақ болды. Сол сәтте біреу өртеніп жатқан бөлменің есігін ашып, көк түтін сыртқа жайылды... Бұл жерде көп адам өлуі мүмкін еді. Себебі, ортаңғы есіктен барлығының бірдей шығу мүмкіндігі жоқ. Адамның кез келген сәтте өліп кетуі мүмкін екенін білгенде бойыңды қорқыныш билейді», - дейді Нейля ханым.

Сондай-ақ, әйел өрт кезінде мүгедек баланы құтқарып алып шыққандарын айтты. Ал ол баланың әжесі терезеден жамылғыларды байлап түсемін деп құлап, ауыр жарақат алған.

«Біздің бір үйде 6 бала тұрады, олардың біреуі – мүгедек. Оны көтеріп алып шығуға мүмкіндік болды. Ал қалған балалар және мен терезеден шығуға мәжбүр болдық. Ол кезде қатты дүрбелеңге салынып, қолым дірілдеп, терезеден түсіп келе жатқанда салмағымды ұстап тұра алмадым. Ақыры құлап, жамбасым әзір де ауырып тұр», - дейді тұрғын Соня Сариева.

Тұрғындар өрт кезінде үйдің құлап кетуі мүмкін екенін айтады. Себебі, ол көптен бері жөндеуден өтпеген.

Орал қалалық ТКШ (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы) жетекшісі Миржан Нұртазиев үйдің апатты деп танылғанын растады.

«Қазіргі таңда біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша құрылысты жүргізгендерді іздестіріп жатырмыз. Инвестор табылған соң бұл жерге жаңа көпқабатты үй салынатын болады», - дейді Миржан Нұртазиев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер