Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2018 23:33 ҚазАқпарат
Өрт кезінде екі адам зардап шеккен.

Бүгін Қостанай ауданының Затобол селосында көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Попович көшесінде болған.

«Өрт 6 пәтерлі тұрғын үйлердің бірінен шықты. Қазіргі мәлімет бойынша №3 пәтер жанып кетті. Оқиға орнына жеке құрамның 19 өрт сөндірушісі мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 08:24-те толықтай сөндірілді», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне.

Ведомствода мәлім етілгендей, өрт кезінде екі адам зардап шеккен. Олар «ыстан улану» диагнозы бойынша жергілікті ауруханада ем алып жатыр. Мамандар өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан деп болжап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: