Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Екібастұзда салмағы алты келіге жуық екінші алып бала дүниеге келді

Ана мен баланың жағдайы жақсы.

Сурет : Рavlodarnews.kz11 Мамыр 2018, 15:50

Екібастұз қаласында биылғы жылы салмағы алты келіге жуық екінші бала дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Екібастұз перзентханасының бас дәрігері Гүлнар Буратаева айтты.

- 23 сәуір күні салмағы 5,9 келі, бойы 69 сантиметр ұл бала туды, - дейді Гүлнар Буратаева. - Ана мен баланың жағдайы жақсы. Перзентханадан үйіне шығарылған. Бұған дейін әйел адам екі баласын өзі туған. Осы жолы акушерлік көрсеткіштер бойынша ірі бала туылатыны алдын ала ескертілген. Сондықтан кесір тілігі арқылы алынды.

Ақ желеңді соңғы кездері дүниеге келетін ірі салмақты сәбилердің саны артқанын атап өтті.

- Өткен жылы мұндай үш бала туған, - дейді бас дәрігер. – Биыл бұған дейін сәуір айында бес келіден асатын балғын жарық дүние есігін ашқан. Салмағы бес келіден асқанда «гигант балалар», төрт келіден асқанда «ірі балалар» деп атайды. Мұндай жағдай көбінесе әйелдердің тамақтануына, аз қозғалуына байланысты орын алып жатады. Сонымен қатар, қант диабетіне шалдыққан жандарда кездеседі және тұқым қуалаушылықтың да әсері бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер