Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2024 19:10 Сурет: pexels
Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алды. Мамандардың сөзінше қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, денсаулыққа ешқандай шағым жоқ.

Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3-қазан күні Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4-ші қазан күні сағат 13:50-де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келген.

Айта кетейік, бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. Алып сәбиге туыстары Тауекел деген есім берген.

Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы, дейді аурухана дәрігерлері.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: