Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Шымкентте алып шақалақ дүниеге келді. Оның салмағы 6,5 килограмм, ал бойы 63 сантиметр.
Шарананың денесі үлкен болғанымен дәрігерлер жүкті әйелді операциясыз босандырып алды. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы.
Аяғы ауыр әйел перзентхана дәрігерлерінің қарауында бір аптадай болған, деп жазады qazaqstan.tv.
Алып сәби көпбалалы отбасының алтыншы перзенті. Ата-анасы оған Тәуекел деп есім берген.
Айта кетейік, медицинада нәрестенің салмағы 6 килограмнан асса "алып" саналады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript