Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 15:29 Сурет: pixabay
Алматыдағы №5 қалалық перзентханада салмағы 6 келі, 300 грамм нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, Алматы тұрғыны толғақпен перзентханаға түскен, УДЗ баланың салмағы 4 келі 800 грамм екенін көрсеткен.

Дәрігерлер кесар тілігін жасады. Содан соң нәрестенің салмағы үлкен екені белгілі болды - 6300 грамм. Бұл жағдай дәрігерлер үшін ғана емес, мұндай үлкен баланы дүниеге әкелем деп ойламаған ананың өзі үшін де күтпеген жағдай болды.


"Бала кесарь тілігімен дүниеге келді. Себебі медицина көрсеткіші болйынша, бала дұрыс емес күйде жатқан. Бұл бала - біздің перзентханада дүниеге келген балалардың арасында ең үлкені. Анасы мен ұлы өзін жақсы сезінеді. Сәби - отбасының үшінші баласы", - деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кененбаева.

Медицина стандартына сай, құрсақтағы баланың салмағы 4 келіден асса үлкен, ал 5 келіден асса, алып болып саналады.

Бұған дейін Атырауда салмағы 5,7 келі ұл баланың дүниеге келгені хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: