Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда салмағы 5 келіден асатан сәби дүниеге келді

Жағымды жаңалық, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 19:18 Сурет: pixabay
1 қарашада №4 перзентханада салмағы 5 келі 100 грамм нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық Натальяның бұл - төртінші баласы.

Алматы қалалық №4 перзентхананың акушер-гинекологы Айнұр Иманқұлова жүкті әйелде қағанақ суы көбейіп кеткенін, мұндай жағдайда өзі босанғанда ана мен бала үшін белгілі бір қауіп болатынын айтады. Әдетте іштегі сәби ірі болса, дәрігерлер кесарь тілігін жасайды. Сол себепті акушерлер оны толық дайын оталық топтың қатысуымен босандырды. Бұл жолы кесарь тілігін жасау қажет болмады, үш сағаттан кейін салмағы 5 келі 100 грамм болатын сәби қыз дүниеге келді. 

Қазір Наталья үйге шығуға дайындалып жатыр.

Қызын Дарья деп атады. Бұл Натальяның отбасындағы төртінші бала. 

Мен 38 жастамын, үлкен қызым 11-де, ұлым 9 жаста, содан кейін 2,7 жастағы тағы бір ұлым бар, міне, Дария деген қызым дүниеге келді. Дарья - сыйлық деген сөзден шыққан. Алла Тағала бізге төрт бала сыйлады. Менің үлкен қызым да ірі болып дүниеге келген: 4 100 грамм. Даша да ірі, босануым қиын болды. Қызымды дүниеге әкелуге көмектескен дәрігерлерге рақмет, - дейді алматылық Наталья.

Іштегі нәрестенің үлкен болуы қазір сирек жағдай емес, - дейді дәрігерлер. Іште ірі нәрестенің даму себептері: жүкті әйелде қант диабетінің болуы, гемолитикалық ауру - бұл ауру бала мен оның анасы арасында резус қайшылығы орын алғанда болады, тұқым қуалаушылық, екінші және кейінгі жүктілік, жүкті әйел көмірсутекті тағаммен шамадан тыс тамақтанған жағдайда болуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: