Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сотталған жігіт Қостанай облыстық ауруханасында қайтыс болды

Өлімнің себебі – ми қан айналымының бұзылуы.

Сурет : Baq.kz11 Мамыр 2018, 16:15

Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, қайғылы оқиға 8 мамырда болған, деп хабарлайды Вaq.kz.

8 мамырда Қостанай облыстық ауруханасының реанимация бөлімшесіне 27 жастағы сотталған азамат түскен. Ол Құсмұрын ауылындағы УК-161/4 қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеден жеткізілген.

«Өлімнің себебі – ми қан айналымының бұзылуы. Бұл факті қылмыстық атқару жүйесінде тіркелген. Тексеріп жатырмыз. Жыл басынан бері Қостанай облысындағы мекемелерде 5 өлім фактісі тіркелді», - деп хабарлады ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеевтің айтуынша, жігітті Әулиекөл ауданынан әкелген.

«Ер адамға қажетті медицаналық көмек көрсетілді. Оның қасында күзетшілер болды. Ауруханада бірнеше күн жатты. Ол инсульт алды», - деді Юрий Моисеев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер