Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ксения Собчак Астана экономикалық форумына қатысады

Ксения Собчактың аты-жөні форумның ресми сайтындағы спикерлер арасында жүр.

Сурет : www.inform.kz11 Мамыр 2018, 16:36

2018 жылы Ресей президенті сайлауында үміткер болған танымал теле және радио жүргізуші Ксения Собчак Global Challenges Summit-ке (Астана экономикалық форумы - 2018) қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ксения Собчактың аты-жөні форумның ресми сайтындағы спикерлер арасында жүр.

«2017 жылғы 23 желтоқсаннан бастап «Азаматтық бастама» партиясы саяси кеңесінің мүшесі. 1998 жжылы Собчак Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық қатынастар университетіне түскен. Ресей астанасына көшуіне орай ол ММХҚИ ауысып, оны сәтті бітіріп, магистр дәрежесін алды. Дипломдық жұмысының тақырыбы «Ресей мен Франция президенттік режіміне талдау» болды. Собчак сол кезден саясатқа, мемлекеттік басқаруға қатыстының бәріне қызығушылық танытты. Бүгін Ресей президенттігіне кандидат «Собчак живьем» бағдарламасын және басқа да түрлі іс-шараларды жүргізеді, кітаптар жазады, фильмдерге түседі, L'Officiel француз журналының бас редакторы», - делінген форумның ресми сайтында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Global Challenges Summit 2018 тақырыбымен 17-19 мамыр күндері өтетін XI Астана экономикалық форумына қатысатын сикерлердің саны рекордтық көрсеткішке жетеді.

Олардың қатарында Саммит спикерлері қатарында Францияның бұрынғы президенті Олланд Франсуа, физик, футуролог Митио Каку, Халықаралық олимпиада комитетінің Этика жөніндегі комиссиясының төрағасы және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, Golman Sachs бұрынғы төрағасы Джим О'Нил және басқа да танымал адамдар бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер