Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 17:47 Ақорда
Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы "Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері" деп аталады. Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: