Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісіне қатысады

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2020 23:41 inbusiness.kz
Еуразиялық экономикалық одақ елдері пандемия кезіндегі экономикалық тұрақтылық мәселесін талқылайды.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің бейнеконференция форматында өтетін жұмыс кездесуіне қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады. Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады. Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр" деп жазды ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: