Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда етті ең көп жейтін өңір анықталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2018 22:39 Сурет: zakon.kz
Қазақстанда етті ең көп жейтіндер Атырау облысында тұрады, одан кейінгі орында Алматы тұрғындары.

Сараптама порталы Қазақстанның қай өңірінде етті көп тұтынатынын анықтап, сондай-ақ етті қала тұрғындары көп жей ме, әлде ауыл тұрғындары көбірек пайдалана ма деген сұрақтарға жауап берді. Ranking.kz ақпаратына сүйенсек, өткен жылы әр қазақстандық орташа есеппен 72,9 килограмм ет және ет тағамдарын жеген. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,1%-ға көбірек, ал 2015 жылға қарағанда 0,9%-ға аз, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстанда ең көп ет жейтіндер Атырау облысында тұрады, онда адам басына шаққанда ет және ет тағамдары мөлшері жылына 85 килограмм, одан кейінгі орында Алматы тұрғындары — 83,5 килограмм және ШҚО — 82,6 килограмм", — деп хабарлайды сараптама порталы.

Оңтүстік өңірдің тұрғындары етті аз жейді екен. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында адам басына шаққанда — 58,2 килограмм, Қызылорда облысында — 65,2 килограмм, ал Ақтөбеде — 67,4 килограмм.

"Қазақстандықтар бәрінен де сиырдың етін көбірек пайдаланады: 2017 жылы – сиыр еті (орта есеппен адам басына шаққанда 23,9 килограмм), содан кейін қой еті — 6,3 килограмм, фарш — 6,1 килограмм", — деп жазады портал.

Сарапшылар атап өткендей, қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда етті көбірек тұтынады: адам басына шаққанда 75,8 килограмм, ауыл тұрғындары үшін бұл көрсеткіш — 69,1.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: