Жаңалықтар тізбегі
0

Ардагерлер қандай көлемде бiр реттiк төлем алатыны белгiлi болды

https://baq.kz/storage/7b/7b97dd95d39a8cd9fba7008a637a937f_crop_l_7_t_, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2018 20:04 https://baq.kz/storage/7b/7b97dd95d39a8cd9fba7008a637a937f_crop_l_7_t_
Өңiрлерде ардагерлер ең көп тұратын - Алматы қаласы, онда 268 соғыс ардагерi тұрады.

Биыл Жеңiс күнiне орай соғыс ардагерлерiне әдеттегiдей бiр реттiк төлем берiледi. Төлем мөлшерi әр өңiрде әртүрлi болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова қай аймақ қандай көлемде төлем жасайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бүгiнгi күнi өкiнiшке орай, елiмiзде Отан соғысы ардагерлерiнiң саны азайып барады. Қазiргi таңда 2067 Ұлы Отан соғысының ардагерi ғана қалды. Оның iшiнде 1494-i - Отан соғысының қатысушылары, ал 573-i - Отан соғысының мүгедектерi. Және де Қазақстанда 39 мың 723 адам - соғыс қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлгендер. Ал, 166 мың 700 Отан соғысы қатысушыларына теңестiрiлген басқа санаттағы азаматтар. Оның iшiнде 140 мың 606 тыл еңбеккерi бар», - дедi Жақыпова.

Вице-министрдiң айтуынша, өңiрлерде ардагерлер ең көп тұратын - Алматы қаласы, онда 268 соғыс ардагерi тұрады. Шығыс Қазақстанда - 176, Оңтүстiк Қазақстанда - 124 ардагер бар. Жақыпованың мәлiметiнше, басқа қалалар мен өңiрлерде де ардагерлер саны аз емес. Ең төменгi саны Маңғыстау облысында тiркелген. Бұны вице-министр жалпы облыста адам санының аз болуымен түсiндiрдi. Аталған аймақта 17 соғыс ардагерi мен 7 соғыс мүгедегi тұрады.

«Жеңiстiң 73-жылдығына орай ардагерлерге бiр реттiк төлем жасау үшiн 2,7 млрд теңге бөлiндi. Облыстар бойынша айтсақ, бiр реттiк төлем мөлшерi 2 қалада 500 мың теңгеден асып отыр. Олар - Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы. Ал басқа өңiрлерде төлемнiң орташа мөлшерi 150 мың теңгенi құрайды. Және де айта кетсек, Отан соғысы ардагерлерi оған қоса жергiлiктi бюджет пен демеушiлiк көмектiң есебiнен 2,6 млрд теңге сомасында әлеуметтiк қолдаудың қосымша шараларымен қамтылған», - дедi Светлана Жақыпова.

Вице-министр бiр реттiк төлем мөлшерiнiң әр өңiрде әртүрлi болуының себебiн түсiндiрдi. Оның айтуынша, айырмашылық экономикалық жағдайға, оның iшiнде облыстың экономикалық мүмкiндiктерiне байланысты.

Ведомство мәлiметiнше, Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерiне келесi мөлшерде төлемақы берiледi:

Ақмола облысы - 182 мың 789 -250 мың теңге, Ақтөбе облысы - 124 мың теңге, Алматы облысы - 150 мың теңге, Атырау облысы - 100 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысы - 540 мың теңге, Жамбыл облысы - 150 мың теңге, Батыс Қазақстан облысы - 150 мың теңге, Қарағанды облысы - 150 мың теңге, Қостанай облысы - 150 мың теңге, Қызылорда облысы - 192 мың 400 теңге, Маңғыстау облысы - 240 мың 500 теңге, Павлодар облысы - 150 мың теңге, Солтүстiк Қазақстан облысы - 240 мың 500 теңге, Оңтүстiк Қазақстан облысы - 240 мың 500 теңге, Астана - 511 мың 135 теңге, Алматы - 250 мың теңге.

Сондай-ақ, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары, концлагерьдiң кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары, қайтыс болған соғысқа қатысушылардың жұбайлары, соғыс кезiнде қаза болғандардың жесiрлерi, тыл ардагерлерi мен басқа да соғыс қатысушыларына теңестiрiлгендер де әртүрлi мөлшерде бiр реттiк төлем алады. Оларға берiлетiн төлем көлемi 7 мың 215 теңге мен 120 мың 250 теңге аралығында құбылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: