Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбедегі ескі жеделсатыларды жөндеуге 2 миллиард теңге қажет

Бұл жөнінде облыстық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дастан Аманов айтты.

Сурет : 4geo.ru14 Мамыр 2018, 10:47

Жалпы, шаһардағы жеделсатылардың жартысынан көбі жарамсыз. Нақтырақ айтсақ, 149-ы жөндеуді қажет етеді. Ал, 22-сін түбегейлі ауыстыру керек. Бұл - бір ай бойы қаладағы 300-ге жуық лифтіні тексеріп шыққан комиссияның қорытындысы, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстарымен тұрғындардың өздері айналысуы керек. Яғни, әкімдік лифтілерді ауыстыруға кезең-кезеңмен қаржы бөледі. Тұрғындар оны 7 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Мұндай келісімшарт үй тұрғындарының 70 пайызы келісім бергенде ғана жүзеге асады. Қазір түсіндіру жұмыстары басталған.

Дастан Аманов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: - Біздің есебіміз бойынша жеделсатыларды жөндеуге және жарамсыздарын ауыстыруға 2 миллиард теңге шамасында қаржы қажет. Биыл ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге бөлінді. Оған 6 жеделсаты жаңартылады. Алдағы уақытта Ақтөбе қаласының әкімдігі жаңарту жұмыстарына облыстық немесе республикалық бюджеттен қосымша қаражат сұрайтын болады.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбедегі жеделсатыларды тексеру жұмыстары 28 жастағы тележүргізуші жарамсыз лифтіге қысылып қалып, көз жұмған соң басталған еді. Ол кезде жеделсаты механизміндегі автоматика жүйесінің істен шыққандығы анықталды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жұлдыз Алмасқызы


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер