Жаңалықтар тізбегі
0

2019 жылы робот иттер сатылымға шығады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2018 18:19 Сурет: zakon.kz
SpotMini робот иті баспалдақпен жоғары және төмен жүре алады.

Boston Dynamics 2019 жылы робот иттерді сата бастайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Робот техникасына арналған TechCrunch шарасында Boston Dynamics негізін қалаушысы Марк Райберт өзінің SpotMini робот итінің дайын болып қалғанын айтты.

«Қазір SpotMini алдын ала өндіріс кезеңінде тұр. Біз өндіріске қажетті нұсқаға жақын 10 конструкцияны жасадық. Біз оларды өзімізде мердігер-өндірушілердің көмегімен жасадық», - деді Райберт.

Атап өсек, SpotMini робот иті баспалдақпен жоғары және төмен жүре алады. SpotMini - дің бірінші нұсқасы жүріп, сырғанап, заттарды ыдыс жуу машинасына салатын. 2017 жылы ол жаңартылды. Енді ол автономдық навигацияның көмегімен өз еркімен жүре алады.

2018 жылдың басында Boston Dynamics видео шығарған. Онда SpotMini басқа роботқа есік ашқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: