ОҚО-да тауға шығып, жолынан адасқан жігіт құтқарылды

Хабар 24 Хабар 24
ОҚО құтқарушылар тобы облыс тұрғындары мен қонақтарға таудағы ережелерді қатаң сақтауды ескертуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында тау аймақтарында саяхатшылар мен демалушылардың адасу оқиғалары жиілеп кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Осындай жағдай 12 мамырда болды. Құтқарушылар адасқан екі студентті таудан төмен түсіріп алды.

Ал 13 мамыр күні сағат 20.30-да 1997 жылы туған азаматтың жоғалғаны жөнінде хабар түскен. Ол топпен бірге тауға шығып, кейін өзі артта қалып қойған. Оқиға орнында 5 құтқарушы және техника жұмыс істеп, 14 мамыр күні сағат іздеу тобы сағат 09.05-те жігітті тапты.

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылар тобы облыс тұрғындары мен қонақтарға таудағы ережелерді қатаң сақтауды ескертуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз