Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын әбігерге салды

Су басқан көшелерде таңертеңнен бастап кептеліс болды.

Сурет : Stan.kz14 Мамыр 2018, 15:09

Алматыға жаңбыр жауып, қала қайтадан Венецияға айналды. Екі күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан көшеде ағын ағып, аулаларды су басып қалды. Халық жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, тіпті мүмкін емес екенін айтуда, деп жазады Stan.kz.

Су басқан көшелерде таңертеңнен бастап кептеліс болды. Алматылықтар халықтың су тосқауылдарын қалай өтіп жатқандарын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялауда.

«Бұл қоқыстарды арықтарға тастағанның салдарынан. Қалалық билік бұл мәселені шешпейді. Сондықтан әрбір Алматы тұрғынында резеңке етік болуы керек», - деген желі қолданушылар.

«Біздің ойлау қабілетіміз, ақылымыз соншалықты төмен! Барлығы видеоға, суретке түсіріп, «душ, өзен, қайық» деп жазып қойған. Ары қарай не болды. Адамдар – бұл табиғи құбылыс! Осының бәрін қалай өткереміз, бір-бірімізге көмектейік деудің орнына қайдағы жоқ сөздерді жазасыздар. Қолына баласын көтеріп алып, балабақша апара жатқан әйелді көріп отырсыз. Оның қолыңыздағы қолшатырды көтеруге немесе ұстауға көмектеспейсіңдер ме, құры сөзбен басқалардан мін іздегенше. Болмаса іші қоқысқа толып қалған, таза емес арықты көрсеңіз, барып тазалаңыз. Егер кем дегенде бір адам өзіне немесе басқа адамдарға көмектессе, онда бұл табиғи құбылысты да басымыздан өткеру оңайырақ болады! Мұнда бір Байбек немесе билік көмектеспейді! Кішкене кеңірек ойланайық!», - деген пікір жазған оқырман.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер