Алматыда Батырхан Шүкеновтің атына көше беріледі

Baq.kz Baq.kz
28 сәуірде Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Қалалық мәслихаттың комиссиясы Алатау және Бостандық аудандарындағы 164 көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы «Алматы ақшамы» газеті жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

28 сәуірде Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Сонда Тілдерді дамыту басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Қалымбет Алатау ауданының 118 көшесінің атауы ескіргендіктен, жаңалауды ұсынды.

Осылайша, Бостандық ауданының Алатау шағын ауданындағы Наурыз көшесін әнші Батырхан Шүкеновтің құрметіне атау туралы айтылды. Сонымен қатар, ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне Алатау ауданының Алғабас шағын ауданындағы Ақсай көшесінің атауы өзгертіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз