Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбе ауруханасында сал болып қалған баланы министрлік өз бақылауына алды

Ақтөбе қаласының тұрғыны Элмира Құлманованың он айлық баласының сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлап отырғаны туралы хабарланған.

Сурет : ҚазАқпарат15 Мамыр 2018, 14:53

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақтөбедегі ата-анасының келісімінсіз пункция жасалған 10 айлық балаға және босанғаннан кейін комада жатқан пациентке қатысты жағдайды бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта осы 2 жағдай бойынша барлық мән-жайлар анықталуда: ата-аналарының келісімінсіз пункция жасалған 10 айлық балаға және босанғаннан кейін комада жатқан пациентке қатысты. Екі жағдай бойынша тексеру жүргізу үшін Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бейінді тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, комиссия құрды», - делінген хабарламада.

Комитет тексеру нәтижесі бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты хабарлайтынын мәлімдеді. Ал пациенттердің денсаулығы үнемі бақылауда болады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының тұрғыны Элмира Құлманованың он айлық баласы Самғат Қолбайдың сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлап отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер