Түркістан облысында арықтың суын ішіп отырған тұрғындардың мәселесін министрлік бақылауына алды

Түркістан облысында арықтың суын ішіп отырған тұрғындардың мәселесін министрлік бақылауына алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 10:40 Сурет: pexels
Өзбекстаннан келетін арықтың суын ауыз су ретінде тұтынып отырған Сарыағаш ауданы тұрғындарының мәселесі жауапты министрліктің бақылауына алынды.

Бұл каналдың суы соңғы кезде ішуге мүлде жарамсыз жағдайға жеткенін жаңалықтарымызда көрсеткен едік. Каналмен өлекселер ағып келуі жиілеген, деп жазады qazaqstan.tv.

Жағдайды жан-жақты зерттеу үшін Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан құрылған жұмыс тобы жасақталды. Қазір екі бірдей мекемеде қажетті сынамалар зерттеліп жатыр.

Нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілетін болады дейді министрлік өкілі. Әзірше қос тарап ауыз судың сапасын қадағалауға уағдаласқан.

"Өзбекстандағы біздің әріптестеріміз мүмкіншілігі барынша өз тарапынан шара қолданып, барынша кезекшілікке мамандарын қойып, күндіз-түні бақылайтын болды. Каналы Өзбекстан территориясында болғанмен, Бірақ біздің Қазақстан Республикасының Түркістан филиалына қарасты. Теңгерімінде. Сол себепті біз де сол жақтағы өзіміздің мамандарымызға да тапсырма берілді." Серік Әбділлаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: