Алматыда люк қақпағын ұрлау қылмысын әшкерелеген азаматтарға сыйақы беріледі

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Жыл басынан бері 35 люк қақпағы ұрланған. Оның 18-і ізі суымай ашылды.

Алматы полициясы люктердің шойын қақпақтарының ұрлануы туралы хабарлаған адамға сыйақы бермек. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жыл басынан бері 35 люк қақпағы ұрланған. Оның 18-і ізі суымай ашылды.

"Кәріз жүйесінің шойын қақпақтары коммуналдық меншікке жатады. Оны ұрлаған адам ҚР ҚК 188-бабы бойынша жазаланады. Сонымен қатар, көліктер шұңқырға түсіп кеткен жағдайда жол апаты болуы әбден мүмкін. Ұрланған затты сатумен айналысатындарға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заң бойынша олар ұрланған люк қақпақтарын қабылдамауы керек», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция кәріз қақпақтарының ұрланғанын көрген азаматтарды 254-40-07; 8-707-500-59-06 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. Бейтарап қалмаған әр адамға сыйақы беріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз