Астанада жаңа жыл түні тыныш өтті
Сурет: polisia.kz
Жалпы, Жаңа жыл түні тыныш өтті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған жоқ. Соңғы тәулікте елордада 18 қылмыстар тіркеліп, оның 9 "ізі суымай" ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа жыл мерекесінде Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, күшейтілген қызметтік нұсқада жұмыс істеді.
Полицияның "102" жедел жәрдем бөліміне азаматтардан 1 265 шамасында қоңыраулар түскен. Бұл негізінен түнгі тыныштықты бұзу.
Елорда жолдарында 27 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ.
Көлікті мас күйінде басқарған 6 жүргізушілер ұсталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript