Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде жыл басынан бері 18 адамнан АИТВ дерті анықталды

1989 жылдан бері Ақтөбе облысы бойынша барлығы 437 адамның осы дертке шалдыққаны анықталды.

Сурет : Аktobenews.kz17 Мамыр 2018, 12:03

Оның алтауы орталыққа барып тексерілген, ал өзгесі емхана дәрігерлерінің нұсқауымен қан тапсырып, вирус жұқтырғанын білді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде жыл сайын АИТВ жұқтырғандар анықталғанымен, мамандар жағдай тұрақты деп отыр. Вирус көбіне жыныстық қатынас арқылы тарап жатыр.

«Бәрі адамның қолында. Сақтық шараларын қолдану, АИТВ туралы білу маңызды. Бұрын салауатты өмір салтын ұстанбайтын, нашақорлар мен тәнін сататын әйелдердің арасында көп кездессе, соңғы жылдары қарапайым адамдар арасынан анықталып жатыр. Нашақорлар ақпаратпен таныс, олар сақтана біледі. Ал адамдар «маған жұқпайды» деп ойлап, алаңсыз жүреді. Сондықтан кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтанып, отбасына адал болу шарт», — деді Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова.

1989 жылдан бері Ақтөбе облысы бойынша барлығы 437 адамның осы дертке шалдыққаны анықталды. Қазір облыста 227 адам тұрады. АИТВ дертіне шалдыққан 88 адам көз жұмған. Мамандардың айтуынша, вирус жұқтырған адамдар уақытылы дәрі ішсе, ұзақ жасай алады.

«Соңғы жылдары тұрақты жұмыс істеп жүрген адамдар жас адамдар жұқтыра бастады. Мәселен, бірнеше жыл бұрын бір қыз Германиядан вирус жұқтырып келді. Қазіргі кезде облыста үш сәбиден вирус анықталды. Екеуі ана жатырында, біреуі емізген кезде жұқтырды. Адам вирус жұқтырған соң 7-8 жыл бойы ауыратынын білмеуі мүмкін. Клиникалық белгілері болмаған соң ұзақ жүріп қалады. Бізде 9 жыл бұрын АИТВ жұқтырған адам да болды. Тек қан тапсыру арқылы анықталады», — деді орталықтың бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

Айта кетейік, Ақтөбеде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алуға арналған «Ұмытпаймыз, білеміз, жеңеміз!» атты іс-шара өтіп жатыр. Жұма күні Ретро саябағында үкіметтік емес ұйым өкілдері мен студенттер шар ұшырады. Кейін автошеру өтеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер