Шығыс Қазақстанда 2 адамнан бруцеллёз дерті анықталды

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында бруцеллёз дертіне шалдыққан екі адам тіркелді.
Қазіргі уақытта науқастар медициналық мекемеге жатқызылды, ал олармен байланыста болған 12 адам дәрігерлердің бақылауына алынды.
Бруцеллёз — малдан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Биыл облыста Марқакөлмен қатар Зайсан және Үлкен Нарын аудандарында да осы дерттің ошақтары анықталған.
Былтыр өңірде 36 адам бруцеллёзге шалдыққан. Індеттің алдын алу мақсатында малдарға жаппай вакцина егу жұмыстары басталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Облысқа 5 миллион доза арнайы вакцина және диагностикалық тест жеткізілген.
Бұл шараларға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript