Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ресейлік азамат Қазақстанда 13 жыл бойы заңсыз зейнетақы алған

Ол 4 млн теңгеге жуық ақша алған.

Сурет : Baq.kz17 Мамыр 2018, 16:23

Ресей азаматы Қазақстанда заңсыз зейнетақы алған, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ол 4 млн теңгеге жуық ақша алған. Оған қатысты ҚР ҚК 3-бөлігі 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қаралды.

«Ш. Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан 2004 жылдың 9 қаңтарынан бастап бүгінге дейін РФ Зейнетақы қорының бөлімшесінде тұр. Ол Новосібір облысы бойынша кәрілікке байланысты сақтандыру зейнетақы алу керек адамдардың қатарында тіркеулі. Сонымен қатар Ш. Қазақстанда заңсыз зейнетақы алу мақсатында 2005 жылдың 25 қаңтарында төлемақы берілсін деген өтінішпен Павлодар облысы бойынша әлеуметтік төлем орталығына қарасты департаменттің Қашыр аудандық бөлімшесіне жүгінеді. Ол ҚР азаматы емес екенін және РФ Зейнетақы қорында тіркеулі тұрғанын жасарған. Соңында оған Қазақстан Республикасында зейнетақы алады деген қорытынды шығарылады», - деді соттағылар.

Осылай Ш. мемлекетке 3 988 704 теңге шығын келтірді. Сот оның жасын ескере отырып, пробациялық бақылау арқылы үш жылға шартты түрде босандығынан айыру жазасын кесті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер