Жаңалықтар тізбегі
0

Жолда жатқан ақшаға жоламаңыз: Алматыда тоқырау жылдары өршіген алаяқтық қайта пайда болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 16:00 Сурет: zakon.kz
Жоспарланған сценариймен арам пиғылдарын жүзеге асырғандарды құрықтау әзірге мүмкін болмай тұр.

90-жылдары белең алған алаяқтықтың мұндай айла-тәсілі қайта жанданып келеді.Ұрылардың құрығына ілігіп, сан соққан зардап шегушілер де полицияға арыздарын арқалап келіп жатыр, деп жазады КТК телеарнасы.

Жоспарланған сценариймен арам пиғылдарын жүзеге асырғандарды құрықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Құзырлы орын халықты абай болыңдар деп кеңес берумен шектелді.

-Жолда кетіп бара жатып, сіз бір бума ақша немесе әмиан тауып алдыңыз делік. Дәл сол сәтте жаныңызға белгісіз бір адам келіп, олжаны теңдей бөлісейік деп сөзге тартады. Сақ болыңыз! Бұл алаяқтардың арам пиғылы болуы мүмкін. Себебі, кәнігі ұрылар қалтаңыздағы бар ақшаңызды қағып әкетеді. 90-жылдары белең алған мұндай алдап-арбаулар бүгінгі күні елімізде қайтадан жанданып келеді.

Жақында алаяқтардың дәл осындай құрығына Айнұр Құдайбергенова ілікті. Қаланың қақ ортасындағы ақша айырбастау пунктінен алаңсыз шыққан Айнұр әккі ұрылардың «көшеге ақша тастау» сценарийіне тап болып, әмианындағы бар ақшасынан қағылды. Ең бастысы ақша емес, жан амандығы деген 33 жастағы әйел алаяқтардың ептіліктеріне таңдай қағып отыр.

Айнұр Құдайбергенова жәбірленуші: -Мен қолымнан ұстап, көзімен қарады. Мен көзіне қарағаннан бастап есімді білмеймін. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Есімді жисам арада бес минут өтіпті. Мына кісілер актерлар. Алаяқтар деп ойламайсың. Мен оларға сеніп қалдым.

Психологтар алаяқтардың көбісі тез әрекет етіп, сізді ойландыруға уақыт қалдырмау арқылы құйтырқы әрекеттерін оңай іске асыратынын айтады. Ал, жылдам шешім қабылдаған зардап шегуші жылпостың айтқанын қалай істегенін сезбей де қалады екен.

Жібек Жолдасова психолог: -Алаяқтардың арбауына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін. Себебі, олар таза әрі әдемі киінеді. Барынша сенім тудыруға тырысады. Және де «тез шешім қабылда, әйтпесе, үлгермейсің» деп асықтырады. Адамдар оған көнбеуге тырысу керек. Олар гипноз жасамайды. Тек сіздің жаныңызға жақын тақырыпты айтып, тамырыңыздан басу арқылы сізді алдайды.

Полицейлер болса алаяқтықтың осынау түрі он жылдан астам уақыт тіркелмеген-ді дейді. Бүгінде халықты жерде жатқан оңай олжаға қызықпауға шақырады. Себебі, ұрылар ұмытылған айла-тәсілді жаңғыртып, халықты қақпандарына түсіруді қайта бастаған.

Салтанат Әзірбек ІІД ресми өкілі: -Алаяқтықтың бұл түрі 2000 жылдардың басы мен 90-жылдардың соңында өте өзекті болған. Соңғы он жылда мұндай қылмыс тіркелмеген. Яғни, қылмыскерлер де қолдарын сермеп отырған жоқ деген сөз. Олар өз айла-тәсілдерін іске асыруды қайта бастады.

Тәртіп сақшылары алдаудың бұл тәсілі әсіресе, келімсектердің қолымен жасалатындығын айтады. Сол себепті. ізін суытпай оларды құрықтау қиындық туындыруда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: