Ақтөбеде вич-инфекциясы дендеп барады

med.vesti.ru med.vesti.ru
Бүгінде облыстық СПИД орталығының есебінде 13 адам тіркеуде тұр.

Ақтөбеде жыл басынан бері 18 адам қауіпті дертті жұқтырған. Оның 15-і жыныстық жолмен, үшеуі есірткі арқылы. Жалпы, 1989 жылдан бастап өңірде 88 адам осы аурудан көз жұмған, деп жазады Қазақстан телеарнасы.

«Қазір аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақты», - дейді мамандар.

Бүгінде облыстық СПИД орталығының есебінде 13 адам тіркеуде тұр. Олардың барлығы арнайы ем қабылдап жатыр. Мамырдың үшінші жексенбісі СПИД ауруынан көз жұмған адамдарды халықаралық еске алу күні. Биыл бұл шара 35-ші рет ұйымдастырылып отыр. Осыған орай, орталық қызметкерлері қаладағы ойын-сауық орындарына барып, тұрғындарға жадынамалар таратты. «Ғасыр дерті» аталған ауру туралы мағлұмат берді.

Айжан Жайлаубаева, облыстық СПИД орталығының бөлім меңгерушісі: - Бұл дерт көбінесе жастар арасында тіркеледі. 43 пайызы 20-дан 29 жас аралығында.

Н.Тоғжан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз