Маңғыстауда талапты елемеген есептегі сотталғандар темір торға қамалды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 15:56 Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация есебінде бүгінде 859 адам тұр.

Пробация қызметкерлері сотталғандардың тәртібін бақылап, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, тіркеу кестесін белгілейді және пробация талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Алайда, сот белгілеген талаптарды орындамаған Қарақия аудандық пробация қызметінің екі есебіндегі тұлға қайтадан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотталған бірінші азамат тіркеуге уақтылы келмей, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ал 188-бап бойынша сотталған екінші азамат пробация талаптарын өрескел бұзып, рұқсатсыз көрші ауылға кеткен және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Сондай-ақ полиция қызметкерін балағаттағаны үшін сот шешімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған.

Пробация қызметкерлері оларға бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасағанымен, бұл азаматтар өз мінез-құлқын түзетуге тырыспаған.

Осыған байланысты жинақталған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен жазаның түрі бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Енді аталған екі азамат жазаның қалған бөлігін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: